From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлкен Алматы көлі — Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.
Үлкен Алматы көлі | |
Үлкен Алматы көлі, маусым | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 2511 м |
Өлшемі | 1,6 × 0,75-тен 1 км |
Көлемі | 0,014 км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 3 км |
Тереңдігі | 38 м |
Орташа тереңдігі | 25 м |
Су алабы | |
Құятын өзен | Үлкен Алматы |
Шығатын өзен | Үлкен Алматы |
Орналасуы | |
43°03′02″ с. е. 76°59′06″ ш. б.43.0506° с. е. 76.985° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы |
Үлкен Алматы көлі Ортаққорда |
Климаты қоңыржай континентік, жазы салқын болады, көп жаңбыр жауады. Ал, қыста суық болады және көл мұздайды. Орташа жауын-шашын 1500 мм. Орташа су температурасы + 4,7°. Бұл жерде арша, Тянь-Шань шыршасы, қарағай өседі. Rөлдің арғы бетінен қаланың кез келген нүктесінен көрінетін негізгі үш шың — Көлді (4110 м), Кеңес (4317 м), Үлкен Алматы (3681 м) мен мұндалайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.